Желтоқсан көтерілісіне 40 жыл толуына орай «Желтоқсаншылардың ерлігі: ұлт рухының көрінісі» атты желтоқсаншылармен сұхбат бастау алды. Аталмыш шараның алғашқы қонағы – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тікелей қатысушысы, желтоқсаншы Қасиет Сұлтанғазықызы Шакенова. Сұхбат барысында Қасиет Сұлтанғазықызы Желтоқсан оқиғасының себептері мен салдары, сол кезеңдегі жастардың батылдығы мен қайсарлығы туралы мазмұнды әңгіме өрбітіп, өз естеліктерімен бөлісті.
