Skip to content

Вице-министр Евгений Кочетов кітапханада

Ұлытау облысына мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов орталықтандырылған кітапхана жүйесіне барып, өңірдің креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында вице-министр Евгений Кочетов Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының «Creative library» креативті зертханасының жұмысымен танысты. «Creative library» зертхана аясында «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра», «Қолөнер – ұлттың қазынасы», «Өзін – өзі бағалау және сенімділік», «Арманда. Іске асыр. Жетістікке жет!», «Мобилография – жоғарғы табыс табудың жаңа тетігі» тақырыпта жаңа әдебиеттер, IT-тақырыбында, мотивациялық кітаптарды қамтыды.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әмбебап кітапхана арасында жасалған меморандум аясында ұйымдастырылған іс- шаралар: «Мен кәсіпкер» жобасы аясында «Визажист», «Бизнеске жол», «SMM-менеджер», «Кондитер» оқыту курсы кітап көрмесі арқылы насихатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *