Skip to content

«Ұлттық библиографияны дамыту: тәжірибе, заманауи технологиялар мен интеграция мәселелері»

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының құрылғанына 115 жыл, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл және кітапхана ісінің көрнекті қайраткері, библиограф-ғалым Роза Бердіғалиеваның туғанына 80 жыл толуына орай 2025 жылдың 12 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ұлттық библиографияны дамыту: тәжірибе, заманауи технологиялар мен интеграция мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда ақпаратты-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сүйінбаева Гүлзада «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының библиографиялық жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы» атты баяндама жасады. Баяндамада библиографиялық жұмыстың қалыптасуы мен даму кезеңдері, дәстүрі мен жаңашылдығы, өлкетану жұмысын жандандыру мен өлке құжаттарын цифрландыру, оқырмандарға виртуалды қызмет көрсету, библиографиялық баспа өнімдері туралы айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *