Skip to content

«Ұлт аңсарының ұйытқысы» атты кітап көрмес

Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы биылғы жылы қазақ тарихының әдеби суреткері, көрнекті жазушы І.Есенберлиннің 110 жыл толуына орай «Ұлт аңсарының ұйытқысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен орын алатын дара тұлға. Жазушы шығармаларын, қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына арнады, талантты шығармасы – «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді.
«Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы саналатын «Алмас қылыш» романы «Қаһардан» кейін 1971 жылы жарық көрді. Жазушы бұл шығармаларында қазақ ханы Қасым ханның майданға әскерімен бара жатқанын бейнелеген, сексен жылға созылған соғыс Түркістан өлкесінің қазаққа қарауымен бітеді. Қасымның баласы Хақназар хан тақта отырғанда қазақ жері түгел сыртқы жаудан тазартылды. Кеңес кезінде мұндай өткір идея көтерілмейтін. Жазушы тарихи романдарына көп сын айтылғанын, бір естелігінде атап өткен.
Кітап көрмесіне жазушының «Көшпенділер», «Алтын Орда», «Мұхиттан өткен қайық», «Аққу құстар қуанышы», «Ғашықтар», «Скифтер сағымы», «Қара алтын», «Жан сырым», «Маңғыстау майданы», «Қатерлі өткел» кітаптары және мерзімді басылым беттерінен мақалалары қойылды.
Көрме қалың оқырманға арналады.
Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *