Skip to content

«Өлеңім – менің серігім» атты облыстық жыр мүшәйрасы Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында ақын, жыршы, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Нұрәсила Бәрменбаеваның 110 жылдығына орай өтті.

Ақынның өнегелі өмірі мен поэзиялық мұрасын жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған шараға облысымыздың қала мен аудандарынан 13 жас ақын қатысты. Олар Нұрәсила апамызға арналған бұрын жарияланбаған туындыларын ұсынды. Қатысушылардың өнерін Қазылар алқасының төрағасы Жанат Әбдіғожин, Абай Ораз, Ізтөлеу Түсіпов бағалады.
Жеңімпаздар:
* Бас жүлде – Ақниет Тағыберген
* 1 орын – Алпыс Амандық
* 2 орын – Көшербай Мақпал
* 3 орын – Қымбат Ақботина
* 2 Арнайы жүлде – Ақерке Талғатқызы, Тұрдалы Аружан
2 Ынталандыру сыйлығын -Бексұлтан Шәкәрімұлы, Балнұр Смайлова алды.
Кеште Нұрәсила Бәрменбаеваның сөзі мен әніне жазылған «Өз елім» әнін Ғалым Мұхамедин, ал «Жезқазған маршын» Береке Көшенов орындады.
#НұрәсилаБәрменбаева110
#ШексізӨлкетану

Видеороликті осы ссылкадан көре аласыздар!

https://www.instagram.com/p/DLwmSlDtKMH

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *