Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 210 бұйрығына негіздемеге ала отырып Ұлытау облысының мәдениет, тілдердерді дамыту және архив ісі басқармасының “Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы” КММ қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерін аттестаттаудан өткізді. Аттестаттауды басқарма басшысы М.Табылдин кітапханашыларға сәттілік тілеп , ашып берді. Комиссия төрағасы Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Ф.Мұқажанов, Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы басшысы Қ.Т.Елубекова , басшының орынбасары Ж.Ж.Тукенова, әдістемелік бөлім басшысы Ғ.И.Ғазизова және хатшы Ж.С.Омаров қатысуымен өтті. Қызметкерлерді аттестаттау тестілеу түрінде өтті. Тестілеуден кейін кітапхашыларға кітапхана ісінің заманауи тенденциялары, ақпараттық технологияларды қолдану және оқырмандармен жұмыс жасау әдістері бойынша сұрақтар қойылды.












