Құжаттарды бақылау, қамтамасыз ету және кадр бөлімі
Бөлімінің міндеттері және жұмыс мазмұны:
- Кітапхананың барлық кіру, шығу құжаттарын тіркеп, уақытында орындалып жеткізілуін бақылап, мерзімінде дұрыс рәсімделуін қадағалайды;
- Кітапхананың барлық іс жүргізу мен құжаттармен қамтамасыз ету, бақылау қызметін жүзеге асырады;
- Кітапхананың істер мен құжаттардың жүргізілуіне қажетті құжаттары мен нұсқауларды, қағидаларды, ережелерді сақтап, орындалуын бақылайды,
- Кітапхананың істер номенклатурасындағы істердің және мұрағатқа тапсырылатын құжаттардың есебін жүргізіп, барлық жұмыстарын атқарады;
- Кітапхананың құрылтай құжаттарын әзірлеуді, заң тұрғысында тіркеліп, бекітілуін, рәсімделуін бақылауды жүзеге асырады;
- Кітапхана басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамаларға сәйкестігін тексереді;
- Кітапхананың талап-арыз өтініштері, келіп түскен наразылықтары мен материалдарды дайындайды және оларды сотқа беру бойынша мекеменің атынан өз мүддесін білдіріп, қорғайды;
- Кітапхана қызметкерлерінің жұмыстан босатылуы мен ауысу заңдылығын тексеруді, оларға тәртіптік жазаны қолдануды жүзеге асырады;
- Кітапхананың қызметкерлеріне әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңесті жүзеге асырады, заңды құжаттарды құрастыруға құқықтық көмек көрсетеді;
- Еңбек заңдарына, ережелерге және кітапхана басшысының бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды, сондай-ақ кадрлар жөніндегі басқа да белгіленген барлық құжаттаманы ресімдеп, есебін тапсырып, кадрлық саясаты жұмыстарын толық жүргізеді;
- Біліктілік, аттестациялау, конкурстық комиссияларға және қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттауға ұсынуға арналған қажетті матералдарды дайындайды;
- Қызметкерлерге демалыс берудің есебін жүргізеді, кезекті демалыс кестелерін жасауды және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Кітапхана қызметкерлерінің жұмысқа келуінің нақты уақытына табельдік есеп жүргізіп, олардың уақытында жұмысқа келуін және жұмыстан кетуін, жұмыс орындарында болуын бақылауды жүргізеді;
- Қызметкердердің уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарды, науқастарды күту бойынша анықтамаларды және олардың жұмыста болмау құқығын растайтын басқа да құжаттарды уақытылы ұсынуын бақылайды;
- Кітапхана бөлімдеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
- kz электрондық үкімет порталындағы, enbek.kz және «Е-өтініш» ақпаратты жүйесі жұмысының жүргізілуіне, орындалуына, бақылау жасайды;
- ҚР Мемлекеттік басшысының Қазақстан халқына жолдауы мен тапсырмалары, ҚР заңдары, қаулы, жарлықтары, үлгілік шарттар мен тұжырымдамаларына жасалған өзгертулер мен толықтыруларды жұмыста басшылыққа алып, іске асыру бойынша тәртібін сақтау.
Бөлім басшысы: Әлирахманова Гүлнұр Ахметсапарқызы
Почта: kzgulnur85@mail.ru