ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 15 қыркүйек күні кітапты оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықты халықа жеткізу мақсатында «KitapTime-2023» II жалпы Республикалық кітап фестивалі Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында өтті. Фестиваль жастардың ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқумен ашылып, кітап патшайымы танымдық саяхат жасап «Құнды кітаптар әлеміне саяхат» атты сирек кітаптар көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар, «Жаңа кітап – жаңа сыр» библиофреш, «Қалам ұшындағы ғұмыр» QR – кодты кітап көрмесі, «Оқуға ұсынамыз!» әдеби киіз үйлер көрмесі, «Библиография- кітапхана кілті» библиографиялық биеннале, «Өлкелік электронды кітапхана» QR – кодты кітап көрмесі, «InstaPhotoZone» жарнама аймағы, «Art-vision» hand-make көрмесі, «Оқы және өзгеге ұсын» буккроссинг көрмелерінің таныстырылымы ұйымдастырылды. Шара соңында оқырмандар кітап көрмелері мен қолөнер бұйымдарынан жасалған көрмелерді тамашалап, кітапханашылардың күзгі жемістерден жасаған «KitapTime» фуршеттен дәм татты.
