Кітапханалардың ісін дамыту және ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыс бөлімі
Кітапханалардың ісін дамыту және ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыс бөлімі әдістемелік орталық ретінде кітапханалық қызметті ұйымдастырушы, біріктіруші және жетекшісі болып саналады. Оқырмандарға қажетті ақпаратты пайдаланудың жаңа әдістерін, ұлттық және әлемдік мәдени байлықтарды игеруде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Бөлім қызметкерлері облыстағы кітапхана қызметкерлерінің озық тәжірибелерін анықтап, зерделейді. Кітапханашылардың біліктілігін арттыру бағытында әртүрлі теориялық және практикалық семинарлар, аймақтық кеңестер, тренингтер, конкурстар ұйымдастырылады. Іс-сапарларда орталықтандырылған кітапхана жүйелеріне әдістемелік көмек көрсетеді, баспа және талдау қызметімен айналысады.
Бөлімнің міндеттері:
- Мемлекеттің кітапхана ісі саласындағы саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсету;
- Кітапхана ісі саласы бойынша әдістемелік жән ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
- Облыс кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Жұмыс бағыты:
- Кітапхана жүйесінің, сонымен қатар жекелеген кітапханалардың жағдайы мен дамуына талдау жасау;
- Кеңес беру, әдістемелік және іс жүзіндегі көмектер көрсету;
- Кітапхана жұмыстарындағы жаңалықтарды іздестіру, бағалау, дайындау және қолдану;
- Кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру, олардың кәсіби тұрғыдан өсе түсулерін қамтамасыз ету;
- Әдістемелік құралдарды дайындау, шығару және тарату.
- Мақсаттық, мәдени – ағартушылық және әлеуметтік жобаларды дайындау.
- Облыстық байқауларды ұйымдастыру және өткізу.
Бөлім басшысы: Тукенова Жанар Жұмабекқызы
Байланыс телефоны: 8 (7102)41-40-43
e-mail: ulytau.obl.metodist@mail.ru