Skip to content

Кітапханалар қорын толықтыру, құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі

Кітапханалар қорын толықтыру, құжаттарды жинақтау,өңдеу және  каталогтарды ұйымдастыру бөлімі.

Бөлімнің мақсаты:

Кітапхана қорын басылымдардың барлық түрлерімен толықтыру: кітаптар, электрондық құжаттар, мультимедиялық және мерзімді басылымдар;
Жаңа түсілімді электрондық катологқа (РАБИС) енгізу;
Кітапхана ғылымы мен тәжірибесіне сай каталогтар жүйесін дәстүрлі және электрондық пішімде ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру арқылы кітап қорын ашып көрсетуді қамтамасыз ету;

Бөлімнің міндеті

Катологқа енгізу үшін ағымдағы түскен басылымдарды индекстеу, басқа жүргізілетін жұмыстар:
А) кітапхана бөлімдері үшін ағымдағы түсілімді техникалық өңдеу;
Ә) белгілі мерзімде жаңа түсілімді ЭК (РАБИС) енгізу;
Б) ағымдағы жаңа түсілімді уақытылы кітап қорының есеп құжаттарына енгізу: суммарлық кітап, инвентарлық кітап.

Қызметтік және оқырмандарға арналған катологтарды мерзімді басылымдар катологтарын ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру үшін:
А) кітапхана каталогтарын редакциялап отыру;
Ә) қызметтік және оқырмандарға арналған каталогтардан карточкаларды алып тастау арқылы әдебиеттерді шығыстау;
Б) каталогтарды дайындау (безендіру);
Ағымда түскен түсілімдерді өңдеу мерзімін қысқарту, оны электрондық катологқа енгізу  жүйелі түрде жұмыс істейді.

 

Бөлім басшысы : Мусина Балбөпе Қадыкенқызы

Почта:otdel.komp@mail.ru