Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ
1973 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советінің 1973 жылғы 23 сәуірдегі №228 қаулысына сәйкес, 1 тамыздан бастап, облыстық әмбебап кітапханасы 11 штатпен өз оқырмандарына есігін ашқан. 1973-1975 жылдары кітапхананың алғашқы директоры Белғожанова Роза Рысқанқызы болған, 1976 жылы кітапхана директорының басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа директор болып Молдағайынова Гүлжаухар Аухатқызы тағайындалды. 1977-1988 жылдары директордың Алматыға ауысуына байланысты кітапхананы Құрманбаева Мәрзия Жалмұқанқызы басқарды. 1980 жылы қаламыздың кітапханалары бір орталыққа көшірілді. 268 кітапхана біріктіріліп, 12 орталықтандырылған кітапхана жүйесін құрды.
1988-2006 жылдар аралығында кітапхана директоры болып Кәриева Кәбира Кәриқызы, 2006 -2017 жылдары Шарипа Құрманқызы Капкеева басқарып келген. 2017 – 2021 жылдары кітапхана басшысы Ғалия Өмірзаққызы Түгелбаева болды.
2022 жылдан Ерлан Ермакұлы Нұрмағанбетов басқарып келеді.
1990 жылы кітапхана жалпы көлемі 1436 шаршы метрлік Есенберлин көшесі 9а үйінде орналасқан жаңа ғимаратқа көшірілді. Кітапхана штаты 47 адамға өсті, облыстық кітапхана 295 кітапханаға әдістемелік көмек көрсетті.
1994 жылы Жезқазған облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің аты кітапханаға берілді.
1997 жылы Жезқазған облысының жабылуына байланысты Қарағанды облысының әкімшілігі мәдениет басқармасының 1997 жылы 9 маусым айындағы № 35 бұйрығына сәйкес, 25 штатпен С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы болып қайта құрылды.
2009 жылы «Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс» бөлімі және «Ақпаратты-библиографиялық» бөлім қайта құрылды.
2010 жылдың 1 сәуірінен бастап Қала әкімінің шешімімен «Кітапханаларды қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі болып қайта құрылып «Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану қоры», «Кітапхана ісін автоматтандыру» бөлімдерімен толықтырылды.
ОКЖ-нің құрамына 11 кітапхана кіреді. Қалалық – 6, оның ішінде 2-і үлгілі кітапхана-филиалы және 5-і селолық кітапхана-филиалдары, оның ішінде 1-і үлгілі кітапхана-филиалы бар. Олар Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы (1973 ж.), М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалы (1951 ж.), №7 кітапхана –филиалы (1977 ж.), №2 үлгілі кітапхана –филиалы(1976 ж.) , №9 үлгілі кітапхана –филиалы(2009 ж. ); селолық кітапхана –филиалдары: №3 кітапхана –филиалы Теректі станциясы (2006 ж.), №4 кітапхана –филиалы Малшыбай селосы (2006 ж.), №5 үлгілі кітапхана –филиалы (2007 ж.), №6 кітапхана –филиалы Талап селосы (2007 ж.), №8 кітапхана –филиалы Қорғанбай селосы (2008 ж.)
Осындай рухани орданың қызметкерлерінің жетістіктерінде мақтанышпен айта кетсек: Қ.Р. Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісін К.К.Кариева (2007 ж.), Т.М.Тайжанова (2007 ж.), Ш.Қ.Капкеева (2011 ж.), Тәуелсіздіктің 20 жылдық медалін Ш.Қ.Капкеева (2011 ж.), Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісін Қ.Т.Елубекова(2016 ж.), Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Құрмет белгісімен» Р.А.Нұрышева (2016 ж.), Жезқазған қаласының 60 жылдық медалін К.А.Бекетова (2014 ж.), Қазақстан Республикасы «Өрлеу» білім-ғылым технология порталының «Үздік кітапханашы» төсбелгісін А.Ж.Махмұтова (2017 ж.) иеленген.
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Үздік кітапханашы» номинациясы және 50000 теңге ақшалай сыйлығымен Қ. М. Умбеталиева (2016 ж.), «Ауылдың үздік кітапханашысы» номинациясы және 50000 теңге ақшалай сыйлығымен М.Т. Қасымбекова (2018 ж.) , «Жыл кітапханашысы» номинациясымен 500000 теңге ақшалай сыйлығымен Б.Қ.Мусина (2022 ж.) марапатталды.
21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлеріне күніне арналған Ұлытау облысы әкімінің «Үздік кітапханашы» номинациясы және ақшалай 500000 теңге сыйақысымен Ғазизова Ғалия Исламқызы (2023 ж.) Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының бөлім басшысы марапатталды.
Жезқазған қалалық әкімінің «Мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен 200 000 теңге ақшалай сыйақысымен Ш. Қ. Капкеева (2013 ж.), З.М. Арыстанбекова (2018 ж)
Дауылпаз ақын С.Сейфуллиннің ұрпағы Мәжиттің қыздары: Рымжан, София, кіші қызы кітапхана келіп, ақын С.Сейфуллинға арналған «Тұғыры биік тұлға» атты 6 дана кітапты сыйға тартқан(2011 ж.).
Кітапханада автоматтандыру процестері 2000 жылдардан басталды. «РАБИС» республикалық электрондық бағдарламасы игерілген, айта кетсек «Книга» «Статья», «Краеведение», «Периодика», «Библиотечный калейдоскоп», «Е-книга» жұмыс жасайды.
2023 жылдан кітапхананың веб сайт: ulytauobl-library.kz жұмыс жасайды.
ABBY FineReader бағдарламасымен оцифровкалау жұмысымен, сирек, құнды басылымдарды сақтандыру сандық қорына өткізу жұмысымен айналасуда.
Жобалар: құнды кітаптарды цифрлауды «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрлау» атты жоба (2019 ж) .
2012 жылдан бастап «Ұлытау кітапханасы» сериясын насихаттау мақсатында «Бір өлке – бір кітап» акциясы жарияланып, акция аясында Әбілқасен Әміралиннің «Арқада туған алып» кітабы таңдалып «Кенді өлкенің шежіресін шерткен» атты әдеби мейманхана (2012 ж.), Ө.Мұқанұлының «Бабалар тағылымы» кітабына арналып «Ұрпақтарға із тастаған ұлағатты» атты әдеби отау (2013 ж.), Б. Әлеуханұлының «Қолымда менің қалам бар» кітабына арналған «Алашыма арнадым жарқын өлең» атты жыр кеші (2014 ж.), С.Смағұлдың “Жанарымда жаз күліп” атты кітабы бойынша “Жүрген жолым – өмірімнің өрнегі” атты жыр кеші (2015 ж.), Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай “Намыстан жаралған халықпыз” кітабы бойынша “Ұлытаудың ұлағатты перзенті” атты рухани – тағылымды кеш (2016 ж.) ұйымдастырылды.
2015 жылы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының ұлы ақын А.Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Дананың сөзі – ақылдың көзі» атты кітапханалық блогтар байқауының аясында ұйымдастырған «Абай әлемі» блогы жеңімпаз дипломмен кітапхана, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы КММ ұйымдастырған облыстық жас кітапханашылар арасындағы «Жыл кітапханашысы -2015» кәсіптік шеберлік байқауынан 1-орын Дипломмен Ж.Ж.Тукенова марапатталды.
2018 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің «Рухани Қазына – 2018» Республикалық байқауына қатысқаны үшін орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Алғыс хатпен марапатталған.
2022 жылы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауында Қарағанды облысының құрамынан Жезқазған аймағын бөліп, Ұлытау облысының құрылатынын айтты. Қазақстан Президентінің 2022 жылдың 4 мамырдағы № 887 жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 8 маусымда Ұлытау облысы құрылды. Оның құрамына: Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары кірді. Облыс орталығы Жезқазған қаласы болды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына сәйкес Ұлытау облысы әкімінің №27/ 05 2022 жылдың 18 қазандағы қаулысына сәйкес, «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ құру туралы қаулы шықты.
Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен бөлініп, 2023 жылдың 4 қаңтарында 43 штатпен, оның ішінде кітапханалық қызметкерлер саны 21 адаммен құрылды.
Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында 9 бөлім бар.
1.Әкімшілік бөлімі;
2.Құжаттарды бақылау, қамтамасыз ету және кадр бөлімі;
3.Кітапханалардың ісін дамыту және ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыс бөлімі;
4.Кітапханалар қорын толықтыру, құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі;
5.Ақпаратты-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі;
6.Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі;
7.Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі;
8.Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі;
9.Шаруашылық бөлімі.
«Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ қарасты 56 кітапхана кіреді. «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ (1951 ж.) -9 кітапхана, «Қаражал қаласы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ (1964 ж.) -5 кітапхана, Сәтбаев қалалық «Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ (1952 ж.) -3 кітапхана, Сәтбаев қалалық «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ (2006 ж), Жаңаарқа ауданының «С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ (1943 ж.) -20 кітапхана, «Ұлытау ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ (1974 ж.) – 17 кітапхана бар.