Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі
Бөлімнің негізгі мақсаты – облыстық кітапхананы автоматтандыру және ақпараттандырудың стратегиясын анықтау, облыстағы мемлекеттік кітапханаларды автоматтандыру процесіне методикалық басшылық жасау, жаңа ақпараттық технологияларға техникалық қолдау көрсету.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- компьютерлік технологияның мониторингі, сатып алу, орнату;
- бағдарламалық қамтудың мониторингі, сатып алу, орнату;
- компьютерлердің, компьютерлік техниканың, операциялық жүйенің, серверлік кешеннің, локальдық жүйенің, Интернеттің, сыртқы желідегі кітапханалармен дұрыс жұмыс жасауына жауап беру және бақылау;
- кітапханалық – ақпараттық жаңа технологияны кітапханада енгізу және орнықтыру;
- шекаралас жатқан кітапханалар арасында бейнеконференциялар өткізуге дайындау және ұйымдастыру;
- халықаралық деңгейдегі вебинарларға қатысу үшін техникалық және бағдарламалық құралдарды дайындау;
- кітапханалық www. ulytauobl-library.kz сайтына өзгеріс енгізіп отыру, модификация, қолдау жасау;
- Сонымен қатар кітапханадағы шаралардың ақпараттарын әлеуметтік желілерге жариялап, әр шараның өтуіне техникалық жағынан қамтамасыз етіп отырады.
РАБИС кітапханаларды автоматтандыру жүйесі бағдарламаларына жауапкершілік және қолдау көрсетуде мына қызметтер атқарылады:
- жаңа версияларды орнату;
- орындалған жұмыстарға бақылау жасау;
- кітапхана қызметкерлерін техникалық көмек көрсету;
- деректер қорының сақталуын қамтамасыз ету;
- деректер қорына басшылық жасау;
Тұтынушыларға қызмет көрсету:
– Оқырмандарға Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы жасаған электрондық каталогтың деректер қоры ұсынылады. Электрондық қаталогтың деректер қорында кітапханадағы ,,, мың әдебиеттің, мақаланың т.б.құжаттардың толық библиографиялық сипаттамасы бар. Іздестіру сипаттаманың барлық элементі бойынша жүргізіледі. Каталог жасау 2004 жылдан бері РАБИС (Республикалық автоматтандырылыған кітапханалық-ақпараттық жүйе) жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
- Электрондық ресурстар интеграциясы, ақпарат толқынында ресурстардың қай жерде орналасқандығына қарамастан табылған ақпаратқа сапалы қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
- Бөлімнің ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі ақысыз, тегін түрде жаңа технология мен жедел байланыс торабы негізінде 8 жұмыс станциясынан Интернет – класс арқылы жүзеге асырылады.
- Интернет – класс кітапхана оқырмандарына қажетті ақпаратты өздері іздеп табуға мүмкіндік береді.
Тарихы тереңде жатқан рухани орданың өскелең ұрпаққа берері әлі де көп. Халық қазынасын көздің қарашығындай сақтап отырған кітапхана мәртебесі әрқашан асқақ болып, оқырмандары көп болсын! Кітапхана сөрелері бай қазыналы кітаптарға толы болғай!
Бөлім меңгерушісі: Жунисова Макпал Жунискызы
Почта: onlinezhez@mail.ru
тел: 87057634251