Skip to content

«Қалам ұшындағы ғұмыр» атты QR – кодты кітап көрмесі,«Қонақтар» әңгімесінен көрініс

Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай « КІТАП шоу – 2023» фестивалі аясында «Даналық дариясына саяхат» атты мерекелік кеш өтті. Кітап фестивалінің мақсаты – «2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы» деп жариялануына орай тамыры терең түркі өркениетін жаңғырту жолында, түбі бір түркі халықтарының өткен тарихы, тілі, әдебиеті мен мәдениетін насихаттау боып табылады. Осы ретте, « Қазақ елі – түркі әлемінің қара шаңырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар « Күлтегін», «Тоныкөк» жырларынан үзінділер оқылды. «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын арттыру мен кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған «Қалам ұшындағы ғұмыр» атты QR – кодты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қаламгердің «Қонақтар» әңгімесінен көрініс көрсетілді. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Батырбек Мырзабековтың жаңадан шыққан «Дүтбай батыр» романымен танысу мақсатында авторлық кездесу өтті, қаламгер жаңа туындысын оқырмандарға қолтаңбасымен сыйға тартты. Кітап – таусылмас рухани қазынаның негізі, негізі ғана емес, бастауында тұрған кәусар бұлағы. Бұл дәуірді қойып, өткен замандардағы құндылықтарымыз, ұлтымыздың болмыс-бітімі, халқымыздың санғасырлық тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы осы кітап арқылы бізге жетіп отырғаны рас. Осы мақсатта «Ескі жылдар естелігі: Сирек қор қазынасынан» атты кітап көрмесі жасақталды. Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқытушылары Тукенов Жұмабек Біләлұлы «Эбру» техникасымен шеберлік сыныбын өткізсе, Бабасова Құралай Болатқызы «Гобелен тоқу» шеберлік сыныбын көрсетті. Сонымен қатар оқырмандардың сыйға берген кітаптарынан «Буккроссинг» ұйымдастырылды. Іс-шара соңында кітап мерекесінің өтуіне белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *