Ұлы Отан соғысының және бейбіт еңбектің ардагері, Ұлытау, Жезді аудандары мен Түркістан қаласының Құрметті азаматы Мәкен Төрегелдиннің жұбайы Зейпін Қазанбаева мен Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының арасында авторлық келісімшарт жасалды. Келісімшарт негізінде “Ғибратты ғұмыр”, “Мәңгілік мұра”, “Вечное наследие” атты кітаптарының электронды көшірмелерін кітапхана сайтына (www.ulytauobl-library.kz) және Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана сайтына (www.kazneb.kz) орналастыруға құқық береді.
Кітапхана қорына автордың “Мой долг”, “ Кадрлар алтын қорымыз”, “Туыстан да туыс жандар” атты кітаптарын сыйға тартылды.




