Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының қорына ақын, кенші Мұса Тілеуов өз кітаптарын сыйға тартты. Автор кітапханаға «Тауларға таулар тамсанар», «Сәтбаев – достықтың қаласы», «Арқаның ару көктемі», «Оңтүстік Жезқазған кенішіне 45 жыл» атты еңбектерін табыстады. Сонымен қатар, ақын өзінің екі өлеңдер жинағына қолтаңба қойды.
Аталған кітаптарда өңірдің тарихы, өндіріс саласының қалыптасуы баяндалған.Бұл еңбектер кітапхана қорынан лайықты орнын алып, оқырман қауымға рухани олжа болары сөзсіз.



