Skip to content

“Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте”

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай “Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте” атты патриоттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи кезеңдері, ел дамуына үлес қосқан тұлғалар, мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы мазмұнды мәліметтер берілді.
Шараға қатысқан Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенттері өз ойларын білдіріп, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімдерін білдірді. Жезқазған музыкалық колледжінің 4 курс студенті Ілиясов Батыржан күй орындады. Шара патриоттық рухта жоғары деңгейде өтті. Шара соңында кітап көрмесі таныстырылып, Табеев Қайым-Мұнардың “Қазақтың желтоқсаны” , Төлепберген Болатбектің “Тәуелсіздік тұғыры”, Бектемісов Асқарбектің “Тәуелсіз тартуы” т.б. әдебиеттер насихатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *