Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Балғын» дамыту орталығының балаларына Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы «Шапағат шуағы сейілмейді» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Шара барысында кітапханашылар буккроссинг бұрышына балалардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық және қызықты әдебиеттер ұсынып, «Ақ желкен», «Балдырған», «Балбұлақ», «Мөлдір бұлақ» журналдарын таныстырып өтті.
Сонымен қатар балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, олардың ұсынылған журналдар мен кітаптарға деген қызығушылығы ерекше байқалды.
«Балғын» дамыту орталығында фортепиано, тігін, тоқыма, ермексаз сынды түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Кітапхана мен орталықтың бірлескен бұл игі шарасы – балалардың рухани дамуына, мәдени ортаға бейімделуіне және кітап оқуға деген ынтасын арттыруға өз үлесін қосты.




