Қоғам қайраткері, жазушы, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Иманғазинаның жақында жарық көрген «Бибі – Сана» кітабын оқырмандарға таныстыру мақсатында « Бибі – Сана романы: ізгілік пен зұлымдықтың мәңгі айнасы» атты кітап таныстырылымы өтті. Іс-шараға қаламыздағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп- интернатының оқушылары қатысты. Кітаптың жаңа нұсқасының шығуы — оқырманға бұрынғы «Тауқымет» романының кеңейтілген, тереңдетілген нұсқасына қол жеткізу мүмкіндігін береді. Жүргізуші «Бибі-Сана» романының өмір шындығынан алынған, нақты деректерге сүйенген туынды екенін атап өтті. Оқушылар шығармадан қысқаша үзінділер оқып, өз ойларымен бөлісті. Бүгінгі іс-шара — тек бір кітаппен танысу емес, адамның ішкі әлеміне үңілуге жасалған ортақ сапар болды. Бибі-Сананың жолы — ауырлығына қарамастан жарыққа ұмтылған жанның жолы. Бұл роман бізге бір-ақ нәрсені айтады, адам өзіне сенсе, рухани биіктерге жете алады. Кітапты қолыңызға алып, өз санаңызбен, өз жүрегіңізбен оқуға шақырамыз.



