Skip to content

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

 Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

     Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі екіге бөлінеді: абонемент және оқу залы.

     Абонемент бөлімінің оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: қызметкерлер, зейнеткерлер, мұғалімдер, оқытушылар, жұмысшылар, студенттер, оқушылар және т. б. Абонементте классикалық және қазіргі заманғы ұлттық әдебиет пен мәдениет туындылары, шетелдік көркем әдебиет, ғылыми-танымдық кітаптар ұсынылады. Бөлімге жазылу оқырманның жеке куәлігі бойынша жүргізіледі. Әдебиет ереже бойынша 15 күнге беріледі.

     Оқу залы оқырмандарға отандық және әлемдік әдебиет туындыларын, салалық және анықтамалық басылымдарды, энциклопедияларды, оқулықтар мен қазақстандық, ресейлік газеттер мен журналдарды ұсынады.

     Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі түрлі әдеби байқаулар, кітаптардың тұсаукесерлері, конференциялар, дөңгелек үстелдер, бенефистер кештерін өткізіп, жастарды шығармашылыққа баулиды. Түрлі тақырыптағы көркем безендірілген кітап көрмелері оқырмандарды ұлттық қазынамен және адамзаттың озық мәдени мұрасымен таныстырады.

Бөлімнің  негізгі  жұмыс бағыттары:

     – Оқырмандарға  кітапханалық  қызметті тез арада көрсету;

     – Бөлімдегі  әдебиеттердің сақталуын қамтамасыз ету;

     – Көркем әдебиеттерді көпшілік шаралар арқылы насихаттау;

     – Бөлімдегі көркем әдебиеттердің оқылуын зерттеу, сараптау.

 

Негізгі міндеттері:

     – Бөлімнің кітап қорын оқырман сұранымына сай қалыптастыру;

     – Кітапханалық түрлі іс-шаралар арқылы көркем әдебиеттерді барынша кеңінен насихаттау;

     – Кітапхана оқырмандарын, әсіресе жастарды көркем әдебиет оқуға тарту, олардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру;

     – Өнер мен әдебиетке құштар оқырмандармен жыр мүшәйра, байқау, әдеби-сұхбат, әдеби-сазды қонақжай, дөңгелек үстел т.б. шараларды өткізу;

     – Жаңа басылымдардың тұсаукесерін, кітап көрмесін ұйымдастыру.

     – Кітапхана ісіне жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізу және бақылау жасау;

     – Әлеуметтік желілер, сайт арқылы кітапхана қызметі туралы жарнама саласында озық технологияларды енгізуді ұйымдастыру бойынша үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.

Бөлім басшысы:Әсел Бірәліқызы Бірәлі

тел:87778927766