20 қазан күні Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 24 қазан кітапхашылар күніне орай салтанатты мерекелік шараға Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы қызметкерлері қатысты. Республика бойынша кітапхана қызметкерлері “Казмедия” орталығында өздерінің кітапханалық жобалары бойынша түрлі форматта көрмелер ұйымдастырды. Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы өлкеміз туралы дәстүрлі емес “Алаштың алтын босағасы” атты көрме жасады. Көрмеге “Шексіз өлкетану” жобасы аясында жасалған жұмыстар мен библиографиялық көрсеткіштер, өлкелік ақын-жазушылар шығармалары, Ұлытау тарихи – мәдени ескерткіштерінің макеті қойылды.Қазақстанның кітапханаларынан келген кітапханашылар көрмемізді тамашалады.


