Skip to content

«Кітапхана– тағдырымның тынысы» атты мерекелік кеш

Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдығы мен 24 қазан Кітапханашылар күніне орай «Кітапхана– тағдырымның тынысы» атты мерекелік кеш “Жезқазған” мейрамханасында өтті. Кешке Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы, кітапхана ардагерлері, кітапханашылар қатысты. Білімнің қайнар көзі кітап екені белгілі. Адамзат баласын осы біліммен сусындататын рухани орта, ол – кітапхана. Онда жұмыс істейтін мамандардың еңбегі қашан да ұшан-теңіз. Мерекелік кеште осылай деген Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Серікбайұлы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, абырой биігінен көрініп жүрген кітапхана қызметкерлерін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Алғыс хатымен Ерлан Ермакұлы Нұрмағанбетовты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен К.Т.Елубекованы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен Ш.М.Ибраеваны, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен Б.Қ.Шегебаеваны, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі Алғыс хатымен Ә.Б.Бірәліні марапаттады. Сонымен қатар Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының Алғыс хатын кітапхана қызметкерлері Н.Р.Алимбаева, А.У.Бакибаева, Ж.Ш.Байбосынова, Г.А.Әлирахманова, Ж.Ж.Тукенова, А.С.Жартыбаева, М.Ж.Жунисова, М.З.Джумадуллаеваға Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қабылдашұлы Мұқан табыстады. Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының басшысы Ерлан Ермакұлы кітапхана ардагерлеріне сый-сияпат көрсетіп, кітапханашы А.Б.Рахымжанованы және кітапхананың шаруашылық бөлім қызметкерлері Д.Нұрлыбаев пен Р.Е.Орумбаеваны марапаттады.Қонаққа келген кітапхана ардагерлері ақжарма тілек айтып, естеліктерімен бөлісті.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламасына ұласты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *