Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы «Аманат» партиясымен бірлесіп, «100 кітап» ұлттық сауалнамасы аясында «Кітапқа деген махаббат» атты кездесу кешін өткізді. Шара кітап оқудың маңыздылығы мен оқырман мәдениетін дамытуға арналған, жылы жүздесуге толы рухани кешке айналды. Кеш барысында қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, кейіпкерлердің әсері мен өмірлік сабақтары туралы ойларымен бөлісті. Әсіресе, классикалық әдебиет пен заманауи прозаның айырмашылығы, тіл мәдениеті және кітап оқу әдеті тақырыбында қызу пікірталас болды.
Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы «Аманат» партиясымен бірлесіп, «100 кітап» ұлттық сауалнамасы аясында «Кітапқа деген махаббат» атты кездесу кешін өткізді.
